$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда волонтерлердің саны 300 мыңға жетті

Елімізде өткен ірі іс-шараларға 100 мыңға жуық ерікті қатысты

Қазақстанда волонтерлердің саны 300 мыңға жетті
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент өз сөзінде елімізде еріктілер саны көбейіп келе жатқанын айрықша атап өтті.

«Қазақстан «волонтер болам, қоғамдық іспен айналысам» деген әрбір азаматты қолдайды. Қазір елімізде 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Еріктілердің саны да артып келеді. 2020 жылы Қазақстанда 50 мың волонтер бар еді. Қазір олардың қатары 300 мың адамға жетті. Елге пайдалы жұмыспен айналысатын ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсіп, 800-ден асты», – дейді президент.

Ол өз сөзінде қазіргі уақытта еріктілер экология, білім, мәдениет және басқа да салалар бойынша маңызды бастамалар көтеріп жатқанын, соның ішінде «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» жобаларын ерекше атап өтуге болатынын тілге тиек етті.

«Осындай іс-шараларға 100 мыңға жуық ерікті қатысты. Әр бастаманың елге, қоғамға берер пайдасы мол.

Мен өздеріңіз сияқты жасампаз жастарға зор үміт артамын. Біз бәріміз бір ел болып, ауқымды шаруа атқардық. Енді тоқтамай, тек қана алға қарай жүру үшін заман ағымына сай болу өте маңызды. Сондықтан еріктілер қозғалысын дамытуға қатысты бірнеше өзекті міндетке тоқталайын», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.