$ 503.17  600.89  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

Ол жартылай финалда Гонконг өкілімен сынға түсті

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: Қазақстан Теннис федерациясы

Мельбурнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жекелей сынында алғашқы жартылай финалист анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингісінде 12-орын) ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонды (48-орын, ITF Juniors) жеңді. 2 сағат 50 минутқа созылған тартысты матчта қазақстандық спортшы ерік-жігер танытып, 3:6, 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Заңғар Нұрланұлы қазақстандық теннис тарихында Juniors Australian Open турнирінің жекелей сынында жартылай финалға шыққан алғашқы ойыншы атанды. Айта кетейік, өткен жылы ол юниорлар арасындағы US Open турнирінде де жартылай финалға дейін жеткен еді.

Қазақстандық теннисші финалда америкалық Китан Ганс пен Қытай Тайбэйі өкілі Куан Чоу Чен арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.