Australian Open: Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты

Автор: Асыл Арман

Отандасымыз екі сетке созылды

Фото: Қазақстан Теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ширек финалда қазақстандық спортшы Польшаның өкілі, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді.

Кездесу 7:5, 6:1 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.

Енді отандасымыз жартылай финалда АҚШ спортшысы Джессика Пегуламен кездеседі.