$ 502.27  597.15  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ердоғанның алдына барған шетелдік президент құлап түскен (ВИДЕО)

Оған қауіпсіздік қызметкерлері тұруға көмектескен

Ердоғанның алдына барған шетелдік президент құлап түскен (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Нигерия президенті Бола Ахмед Тинубу Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен келген. Қарсы алу рәсімінен кейін ол кілем үстінде сүрініп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарланғандай, президенттің жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған.

Нигерия президентінің Түркияға ресми сапары 26-28 қаңтар аралығында өтіп жатыр. 27 қаңтарда тараптар Түркия мен Нигерия арасындағы екіжақты қатынастарды жан-жақты талқылап, ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.

Сапар бағдарламасында сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу, президент Тинубудың іскер топ өкілдерімен дөңгелек үстелге қатысуы, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастыққа арналған кездесулер қарастырылған.