$ 502.27  597.15  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында сарбаз қару ұстап жүргенде жарақат алып көз жұмды

Әскери қызметшінің ісі Бас прокурордың бақылауында

Жамбыл облысында сарбаз қару ұстап жүргенде жарақат алып көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сәйкес, әскери қызметші қарумен жұмыс істеу барысында ауыр жарақат алып көз жұмған. Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары жедел-тергеу амалдарын қолға алды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын толық анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, істің барысы Бас прокурордың тікелей бақылауына алынды. Қызметтік тексеріс аясында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы оқиға орнына барып, жағдаймен танысты.

Сонымен қатар, ел аумағындағы әскери бөлімдерде қару қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен әскери тәртіп деңгейіне кешенді тексеру жүргізу тапсырылды. Бұл шаралар жеке құрамның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Бас прокуратура әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мерзімді қызметтің тәуекелсіз өтуіне қатысты түйткілді мәселелер жақын арада ведомствоның арнайы Алқа отырысында қаралатынын мәлімдеді.