$ 502.27  597.15  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Ақорда ресми хабарлама жариялады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен  Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін министр болған Светлана Жақыпова қызметінен босатылған.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін,  «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

  • Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған. 
  • 2000-2014 жылдары банк саласында жұмыс істеді. 
  • 2014 жылы – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының міндетін атқарушы.
  • 2014-2021 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры. 
  • 2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.
  • 2022-2023 жылдары – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппараты экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
  • 2023-2024 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы.
  • 2024-2025 жылдары – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.