27.01.2026, 14:52
Жаңалықтар
Тоқаев Светлана Жақыпованы қызметінен алып тастады
Ақорда ресми хабарлама жариялады
Фото: Gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Светлана Қабыкенқызы Жақыпова 1968 жылы Қарағанды облысында туған. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.
- Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Қарой орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.
- 1991-1995 жылдары Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.
- 1997-2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеген.
- 2008-2011 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарған.
- 2011-2013 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Жобалық офисі бағдарламасын басқарған. 2013-2019 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған.
- 2020-2023 жылдар аралығында БҰҰ Даму бағдарламасының Әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі Ұлттық сарапшысы болды.
- 2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалған.
- 2023 жылғы маусымнан бастап, қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл.
- 2023 жылдың 2 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істейді.
Көп оқылған
27.07.2026, 14:47
Әзербайжанда 16 жастағы бойжеткен 12 жастағы сіңлісін пышақтап өтірді
27.07.2026, 13:12
Емханаларда жаңа тәртіп: кейбір дәрігерлерге жолдамасыз қаралуға болады
27.07.2026, 11:55
«Төрт ай төсекке таңылып жаттым»: Алла Пугачева ауыр жарақаты туралы алғаш рет ашық айтты
27.07.2026, 16:06
36 дропперлік топ 113 млрд теңгені өткізген: ҚМА басшысы Тоқаевқа сұмдық жағдайлар туралы есеп берді