Ақмола облысының тұрғыны балаларына 2,2 млн теңге қарыз болғаны үшін сотталып кетті
Алимент төлемеген Ақмола тұрғыны сотталды
Ақмола облысының тұрғыны балаларына төлемеген алименті 2,2 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, 2025 жылы Бұланды ауданында балаларын асырауға қаражат төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 139-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырауға төлеуден жалтарған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аудан прокуратурасы борышкердің міндеттемелерді орындау бойынша шараларды қолданбай ұзақ уақыт бойы әрекетсіз болғанын анықтады. Нәтижесінде оның қарызы 2,2 млн теңгеден асты.
«Сот үкімімен борышкерге бір жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды.
Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз», – делінген прокуратура хабарламасында.