Ауа райына байланысты осындай шешім қабылданды
Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгінқатты аяз бен қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орал қаласында бірінші ауысымда оқитын 1-4-сынып оқушылары онлайн оқуға ауыстырылды.
Ақтөбе қаласында 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Қостанай қаласында бірінші ауысымдағы мектептің 1-11-сынып оқушылары мен колледждердің 1-2-курс студенттері онлайн форматқа көшірілді. Ал колледждердің 3-4-курс студенттерін қашықтан оқытуға көшіру туралы шешімді оқу орындарының директорлары өздері қабылдайды.
Солтүстік Қазақстан облысында бірінші ауысымда оқитын 0-9-сынып оқушылары қашықтан білім алады.
Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-4-сынып оқушылары онлайн оқуға көшірілді.
Павлодар қаласында бірінші ауысымдағы 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқиды.