$ 501.79  595.07  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкіметтің өкілеттігі қысқаратын болды: Конституциялық комиссияда маңызды түзетулер айтылды

Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетіні белгілі болды

Үкіметтің өкілеттігі қысқаратын болды: Конституциялық комиссияда маңызды түзетулер айтылды
Фото: Видеодан скрин

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституциялық комиссияның кезекті отырысында енгізілетін өзгерістерді тізбектеп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оныншы. Конституцияның бесінші бөліміндегі Үкіметтің функцияларын айқындайтын тиісті бапта мемлекеттік бағдарламаларды бекітуге, сондай-ақ мемлекеттік комитеттерге қатысты өкілеттіктерді, атап айтқанда олардың қызметіне басшылық жасау және актілердің қолданылуын жою немесе тоқтата тұру, өкілеттіктерін алып тастау ұсынылады. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес, мемлекеттік бағдарламалар бұл жүйенің құжаттары болып саналмайды. Мұндай бағдарламалар қажеттілігіне қарай, әзірленіп, бекітілетін болады», – дейді әділет министрі.

Ол сөз арасында қазіргі уақытта атқарушы билік құрылымындағы комитеттер орталық атқарушы органның ведомствосы болып есептелетінін, осыған байланысты оларды Конституцияда жеке атап өтудің орындылығы жоқ екенін қозғап өтті.

«Он бірінші. Конституцияның тиісті бөлімінде Конституциялық соттың қызметін реттеу аясында оның Конституциялық бақылаудың жоғарғы органы ретінде мәртебесін бекіту қажет. Осыған байланысты Конституцияның 71-бабында Конституциялық сот «Ол Конституциялық бақылау жүргізетін және бүкіл ел аумағындағы конституциялық үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган» деп бекітілуі тиіс», – дейді Ерлан Сәрсембаев.

Сонымен қатар, Конституцияның 71-бабында Конституцияның сотының төрағасы өкілеттік мерзім ішінде бір мезгілде Конституциялық сотының судьясы болып саналатынын айрықша атады.

«Он екінші. Конституцияның тиісінші бөлімінің атауы «әділ сот», «прокуратура», «құқық қорғау тетіктері» деп өзгерту ұсынылады. Бұрынғы редакциясы «соттар және сот төрелігі», «прокуратура», «адам құқықтары жөніндегі уәкіл».

Келесі, Қазақстанда 21 жылдан бастап мамандандырылған әкімшілік соттардың енгізілуі құқық үстемдігі қағидатын нығайту мен мемлекет пен азамат арасындағы нақты тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болды. Осыған байланысты Конституцияда сот билігін әкімшілік сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылатын тікелей көрсету ұсынылады. Тиісті түзетуді Конституцияға енгізу әкімшілік соттарға Конституциялық құқықтық мәртебе беріп, жария құқықтық дауларды азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттырады әрі қоғамның сот билігіне деген сенімін нығайтады», – дейді министр.