$ 503.35  590.63  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Демалыс күндері ауа райы құбылмалы: шығыста жылымық, солтүстікте сақылдаған аяз

Елге Атлантикадан келген циклон әсер етеді

Демалыс күндері ауа райы құбылмалы: шығыста жылымық, солтүстікте сақылдаған аяз
Фото: pixabay.com

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағындағы ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елге Атлантика аймақтарынан жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде қар жауып, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Кей аймақтарда боран соғып, жел күшейеді.

Циклон ел аумағы арқылы ілгерілеген сайын орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерге жылы ауа массалары ене бастайды. Нәтижесінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Түнгі уақытта орталық және шығыс облыстарда ауа температурасы –5–18°С шамасында болса, оңтүстік-шығыста –2–7°С-қа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда түнгі аяз –7–15°С деңгейінде сақталады.

Ал солтүстік өңірлерде аязды ауа райы басым болады. Мұнда түнгі ауа температурасы –20–35°С аралығында сақталады.

Сонымен қатар, құрамында суық арктикалық ауа шоғырланған антициклон жотасы елдің батыс аймақтарына таралады. Оның әсерінен батыс өңірлерде түнгі температура –15–30°С-қа дейін төмендесе, солтүстік-батыста –20–35°С-қа дейін аяз күшеймек.