Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жұмысы жүріп жатыр
Қарағанды облысының әкімдігі Спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелеске қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүріп жатыр.
«Спорт басқармасына қатысты тараған ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: басқарма қалыпты жұмыс режимінде қызмет атқарып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағандыда өзінің орынбасарымен төбелескені туралы ақпарат тараған. Артынша жағымсыз оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.