Алматының жігіттері 30-дан асып бір-ақ үйленетіні анықталды
Ал қалыңдықтар 30-ға жақындап барып тұрмысқа шығады
Алматы Қазақстан қалалары арасында тіркелген неке мен неке қию салтанаты бойынша көш бастады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Мегаполисте күн сайын шамамен 90 жұп некесін ресми түрде тіркейді. Неке қиятындардың орташа жасы қалыңдықтар үшін – 28 жас, күйеу жігіттер үшін – 31 жас. Сонымен қатар жас жұбайлардың арасында жасы үлкен, тіпті 80-85 жасқа дейінгі жұптар да кездеседі. Жыл басынан бері Алматыда 700-ге жуық жұп некесін заңды түрде тіркеген.
2025 жылдың қорытындысы бойынша қалада 18 445 неке тіркелген. Бостандық ауданы АХАТ бөлімінің басшысы Айгерім Әбілсейітованың айтуынша, өтініш беру тәртібінің жеңілдетілуі Алматыда бірнеше жылдан бері жоғары көрсеткіштің сақталуына ықпал етіп отыр.
«Әсіресе салтанатты жағдайда неке қию қызметіне сұраныс жоғары. Негізгі қарбалас жаз мезгіліне тұспа-тұс келеді, бұл кезде рәсімдердің саны айтарлықтай артады», – деді ол.
АХАТ бөлімінде ажырасу көрсеткішінің де азайғаны атап өтілді. Өткен жылы шамамен үш мың жұп некесін өтініш берген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда мыңға жуыққа аз.