«Мағынасы жоқ»: танымал айтыскер ақын мен әнші сөзге келіп қалды
Ақын әншінің ән мәтінін сынаған
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов танымал әнші Yenlik-тің (Еңлік Құрарбек) ән мәтініне шүйлігемін деп сөз естіп қалды,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақынның айтуынша, «Алуан, алуан адам бар ей қыз», Алдар, алдар алданба» мәтінінде мән жоқ.
«Қарындасым бағың жанып, бақытын ашылсын. Орындаушылығың, мен дауысыңа басқа кәсіби мамандар пікір айтар. Бірақ дәл мына мәтіннің мағынасы жоқ. Мен оны сөз түсінетін қазақ ретінде айтып отырмын. Өнерге келген екенсің елдің асына мақтауына да, жекірінді жаныған сынына да дайын бол. Ішім ашығаннан емес тілге жаны ашығаннан сөйлейміз», - деді ол.

Yenlik ақынға өзінің шығармашылығын толық зерттеуге кеңес беріп, ақынның әрекетін сынады.
«Осылай жазылған негізі, тағы бір тыңдап аласыз ау. Басқа әндердің мәтінін оқып көріңіз, бұлай ішіңіз ашымас. Өтірік тілек жазбай ақ қойыңызшы, менің шығармашылығымды толық қарап шыққан болсаңыз, бұлай бір әніме қадалмайтын едіңіз. Осылай бастасаңыз да болар еді. Мысқылдап, кекете алмай-ақ. Мен сіздің айтыстарыңызды көріп, шығармашылығыңызды сыйлайтынмын. Бүйтіп жаныңыз ашымай-ақ қойсыншы», - деп жауап берді әнші.