Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде тасжолдар жабылды
Жамбыл және Түркістан облыстарында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Бүгін, 22 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның екі өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14:30-дан бастап республикалық автожолдың бірқатар учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысында:
РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі елді мекенінен Түркістан облысының шекарасына дейін) жабылды.
Түркістан облысында:
Осы бағыттағы автожолдың 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін) уақытша шектеуге алынды.
Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын ескеріп, балама бағыттарды қарастыру ұсынылады.
Айта кетейік, осыған дейін Жетісу облысында тасжол ауа райына байланысты үш күнге жабылатыны хабарланған.