22.01.2026, 09:59
Жаңалықтар
Қазақстанның үш облысында тасжолдар жабылды
«ҚазАвтоЖол» арнайы хабарлама таратты
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT
2026 жылғы 22 қаңтар сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар 21 автожолда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қозғалыс дизель қозғалтқышы бар автокөліктерге, сондай-ақ қоғамдық көлікке шектелді.
Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыт бойынша қозғалыс уақытша тоқтатылған.
Ақмола облысында:
- Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы, 304-341 және 856-915 шақырым аралығы;
- Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы, 14-50 шақырым аралығы;
- Көкшетау – Рузаевка, 0-61 шақырым аралығы;
- Жезқазған – Арқалық – Петропавл, 552-595 шақырым аралығы.
Қостанай облысында:
- Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы, 683-729 шақырым аралығы;
- Мәмлүт – Қостанай, 180-250 шақырым аралығы.
Автожолдардың тазалығын қамтамасыз ету және күтіп-ұстау жұмысына 130 арнайы техника жұмылдырылған.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды