Қазақстандықтар үстел теннисінен әлемдік жарыста үш медаль жеңіп алды

Автор: Асыл Арман

Отандастарымыз күміс пен қола медаль жеңіп алды

Фото: Olympic.kz

Бахрейннің Манама қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі. Әлемдік жарыста Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

U11 жас санатында қыздар арасындағы жекелей сында Адель Вебер күміс жүлдеге ие болды.

Ал U19 жас санатындағы аралас жұптық сайыста қазақстандық спортшылар Қадырғали Қабдылуахитов пен Нұрислам Қасым қола жүлде алды.

Қабдылуахитов жарыста У Ин Сюаньмен (Қытайлық Тайбэй) бірге өнер көрсетсе, Қасым Пэе Ю-Ханмен (Қытайлық Тайбэй) бірге ойнады.