20.01.2026, 16:44
Жаңалықтар
Атырауда жүк көліктен бетон тіреулер құлап, артында келе жатқан үш көлікке зақым келді
Оқиға 20 қаңтар күні шамамен сағат 08:30-да
Фото: Instagram/atyrauoil.official
Атырау облысындағы тасжолда жүк көлігінің тіркемесінен бетон тіреулер құлап, салдарынан үш автокөлікке шығын келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаметінің мәліметінше, оқиға 20 қаңтар күні шамамен сағат 08:30-да Атырау – Доссор автожолының Бірлік елді мекені маңында болған. Оңға бұрылған сәтте Sitrak C7H маркалы жүк көлігінің тіркемесінде тасымалданып келе жатқан бетон тіреулер жол үстіне құлап кеткен.
«Оқиға салдарынан үш автокөлікке материалдық залал келді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тиісті материалдар жиналып жатыр», – деп түсіндірді Атырау облыстық полиция департаменті.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды