Шымкентте газ-баллонды жабдығы бар жеңіл көлік өртеніп кетті

Автор: Асыл Арман

ТЖМ өрт сөндірушілері жанып жатқан автокөлікті жедел түрде сөндірді

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында Жібек жолы көшесі бойында газ-баллонды жабдығы бар жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ күштерімен өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«ТЖМ азаматтарды автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады», – делінген ведомство хабарламасында.