20.01.2026, 15:51
Жаңалықтар
Қазақстанда доллар бағасының құны арзандады
KASE-де доллар бағамы арзандады
Фото: istockphoto.com
Қазақстан қор биржасында (KASE) ұлттық валюта нығаюын жалғастырып жатыр, доллардың биржалық бағамы тағы екі теңгеден астамға төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
KASE-дегі шетел валюталарымен жүргізілген сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 507,05 теңгені құрады. Осылайша бір тәуліктің ішінде доллар бағасы екі теңгеден астамға арзандады.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, бүгін сағат 15:30-дағы жағдай бойынша елдің ірі қалаларындағы айырбастау пунктері қолма-қол долларды мына бағамен сатып алып, сатуда:
- Астана: сатып алу – 506 теңге, сату – 513 теңге;
- Алматы: сатып алу – 504–509 теңге аралығы, сату – 509,4–512 теңге аралығы;
- Шымкент: сатып алу – 507,5–508,5 теңге, сату – 509,5–510,5 теңге.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 12:44
Жетісу облысында құмар ойынға құмартып, 7,7 млн теңге жұмсаған шенеуніктер жұмысынан қуылды