Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото: Otyrar.kz/Видеодан скрин

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында Қазығұрт – Жібек Жолы тасжолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Haval автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында үш адам көз жұмды, тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.