«Күмәнсіз айтуға болады»: Тоқаев Қызылорда облысы әкімінің жұмысына жақсы баға берді

Автор: Аягөз Құрмаш

Президент қалада қарқынды құрылыс жүріп жатқанына назар аударды 

Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қызылорда қаласында әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 5 мәдениет және спорт нысаны салынды. Оған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамып келеді. Облыстың жағдайы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі», -  деді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.