$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Өзбекстанға 4,5 млн тонна астық тасымалдады – ҚТЖ

Экспорттық тасымалдар 8,5% өсіп, 13 млн тоннаға жетті

Қазақстан Өзбекстанға 4,5 млн тонна астық тасымалдады – ҚТЖ
Фото: ҚТЖ

«Қазақстан Темір Жол» ұлттық компаниясы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, 2025 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша өзбек бағытында айтарлықтай өсім тіркелді. Өзбекстан Республикасымен жүк тасымалының көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 16% артты.

Экспорттық тасымалдар 8,5% өсіп, 13 млн тоннаға жетті. Бұл ретте Өзбекстанға астық тасымалдау көлемі 32% артып, 4,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.

«2025 жылдың қорытындысында  «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша барлығы 319,9 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,5% артық. Экспорттық тасымалдау көлемі 7,1% ұлғайып, 89,2 млн тоннаға жетті», – делінген хабарламада.