Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Қазақстанның бірнеше өңіріндегі тасжолда ауа райы күрт бұзылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 20 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.