Еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы күрт ластанады
Жергілікті тұрғындарға ескерту жасалды
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 20 қаңтарда еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жағдай ауа райы факторларының үйлесуіне байланысты: зиянды қоспалар ауаның төменгі қабатында шоғырланып, таралмай қалады.
«2026 жылғы 20 қаңтарда Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
ҚМЖ дегеніміз не және оның қауіптілігі қандай?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл:
- Тымық ауа,
- әлсіз жел,
- тұман,
- температуралық инверсия.
Олар ластаушы заттардың ауада таралуына кедергі келтіріп, шоғырлануына ықпал етеді. Соның салдарынан, әсіресе тығыз құрылысты аудандар мен өндірістік аймақтарда ауаның сапасы уақытша төмендейді.