«Қалай сенемін, кімге оңай»: Маржан Арапбаеваны күйеуі соққыға жыққан (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар азаматтық некеде болған

Фото: instagram.com/@arapbayevamarzhan

Танымал әнші Маржан Арапбаеваның азаматтық некедегі күйеуі көшеде соққыға жықты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2026 жылдың қаңтар айының басында түнгі уақытта Ербол Нұрмұхамбетов қоғамдық орында балағат сөздер айтып, өзінің азаматтық жұбайы, белгілі әнші Маржан Арапбаеваны шашынан сүйреген», - деген ақпарат пайда болды.

Астана қаласының полиция департаменті ақпаратты растаған.

«Қоғамдық орында бейәдеп сөздер қолдану арқылы жасалған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша 43 жастағы елорда тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тұрғын үй ауласында азаматтық жұбайымен болған жанжал кезінде ер адамның оған күш қолданғаны анықталды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Сондай-ақ, сот оған бір жылға шектеу шараларын белгілеген.

Енді Ербол Нұрмұхамбетовке әйелді іздеуге, оған жақындауға, қоңырау шалуға, хабарлама жазуға немесе кез келген тәсілмен байланыс орнатуға тыйым салынды. Сондай-ақ ол мінез-құлқын бақылау үшін апта сайын, дүйсенбі күндері, аудандық полиция бөліміне келіп тұруға міндеттелді.

Әншінің өзі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда «мама айтшы, қалай сенемін, кімге оңай» деген жазбамен видео жүктеген. Әншінің оқырмандары азаматтық күйеуінің әрекетін сөгіп, оған тағы мүмкіндік бермеуді өтінген.