$ 512.16  594.72  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үйін сатып, кредит алған: павлодарлық зейнеткер алаяқтарға 36 млн теңгесін бере салған

Облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасады

Үйін сатып, кредит алған: павлодарлық зейнеткер алаяқтарға 36 млн теңгесін бере салған
Фото: istockphoto.com

Павлодарда зейнеткер үйінен, депозиттегі ақшасынан айырылып, мойнына кредит іліп алған. Ал жалпы 36 млн теңгесін алаяқтарға аударып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 67 жастағы павлодарлық әйел алаяқтардың құрбаны болған. 2025 жылдың шілде айында оған телефон арқылы «Сізге алаяқтық әрекеттер жасалуда» деген хабарлама келді. Кейін оған белгісіз бойжеткен звондап, үйін тез арада сатуы, банктегі ақшасын шешіп, оны қауіпсіз есепшотқа аудару қажеттігін хабарлады. Барлық рәсімнен кейін әйелге кредит рәсімдеудің қажеттігі айтылды, алаяқтар оның атына кредит рәсімдегісі келеді деген ақпарат берілді.

«Алаяқтардың нұсқауларын қатаң орындап, талаптарын мүлтіксіз атқарған: үйін сатты, депозиттегі барлық ақшасын шешті, кредит рәсімдеді және 36 млн теңгеден астам соманы аударды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді Павлодар облысы ПД бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полиция интернет алаяқтардың құрбаны болмау үшін мына ұсыныстарды беріп отыр: әлеуметтік желілердегі күмәнді мәмілелерге қатыспаңыз, мүлікті сатып алу немесе сату кезінде алдын ала төлем жасаудан бас тартыңыз, төлемді тауар жеткізілгеннен кейін ғана жасаңыз, белгісіз адамдарға анонимді төлем жүйелері арқылы ақша аудармаңыз.