$ 509.63  592.34  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алдағы күндері 38 градус аяз болады

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Қазақстанда алдағы күндері 38 градус аяз болады
Фото: freepik.com

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы 38 градусқа дейін суытады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулік ішінде атмосфералық фронттық бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді деп болжанып отыр.

Елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Республика бойынша тұман болжанады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

«22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 25-38 градус аязға дейін, күндіз 20-30 градус аязға дейін төмендейді.

Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, таулы аудандарда 8-13 градус аяз, ал батыс өңірлерде 5-13 градус аяз болады деп күтіледі», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.