$ 512.16  594.72  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістанда блогер клиника басшысынан 1 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды

Күдікті беделге нұқсан келтіретін ақпарат таратамын деп қорқытқан

Түркістанда блогер клиника басшысынан 1 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды
Фото: Жедел түсірілім кадры

Түркістан облысында 32 жастағы блогер әйел ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тергеу дерегіне жүгінсек, күдікті өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, Келес ауданындағы медициналық мекеме басшысына қысым жасаған. Ол әлеуметтік желілерде клиникаға қатысты жағымсыз ақпарат жариялаймын деп қорқытып, бұл әрекетін тоқтату үшін 1 миллион теңге талап еткен.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаға қатысты айғақ заттар тәркіленген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Мамандар күдіктінің басқа да осындай әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу аяқталған соң түпкілікті шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары