Ұлттық банктің 16 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 512,16 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,05 теңгеге өскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 16 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы – 510,95 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 512,26 теңге, сату бағамы – 514,71 теңге.
Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 511 теңгеден сатып алып, 518 теңгеден сатуда.
Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 512,77 теңгеден сатып алып, 514,87 теңгеден сатуда.