$ 512.16  594.72  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскемен тұрғыны баспана аламын деп алаяқтарға ұрынып, 3 млн теңгесінен қағылды

Күдікті қолына ақша тигеннен кейін байланысқа шықпай қойған

Өскемен тұрғыны баспана аламын деп алаяқтарға ұрынып, 3 млн теңгесінен қағылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Өскемен қаласының тұрғыны баспана аламын деп алаяқтарға ұрынып, 3 млн теңгесінен қағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, бір әйел оның сеніміне кіріп, ипотекалық несие рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, 3 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша 2023 жылдың желтоқсан айында ол тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу қызметтері туралы жарнаманы көрген. Алайда күдікті ақшаны алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктіге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Күмәнді хабарландыруларға сенбеуді және ресми шарт пен кепілдіксіз белгісіз адамдарға ақша бермеу туралы ескертеді», – делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары