Қазақстанда демалыс күндері де аяз болады: ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Сібір аумағында орналасқан орталығы бар кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақтап тұрады.

Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттық бөліктер әсер етеді. Бұл өңірлерде жауын-шашын (негізінен қар түрінде), жаяу бұрқасын, желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі, сондай-ақ көктайғақ құбылыстары түріндегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

«17-18 қаңтарда Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Жаңа аптаның басында республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, қар мен бұрқасын әкеледі, сондай-ақ аталған өңірлерде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Республика бойынша тұман түседі деп болжанады», – делінген синоптиктер болжамында.