$ 512.16  594.72  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында заңсыз алтын өндіріп жатқандар ұсталды

Олардан заңсыз қызметте пайдаланылған металл іздегіштер тәркіленді

Абай облысында заңсыз алтын өндіріп жатқандар ұсталды
Фото: istockphoto.com

Абай облысында мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы заңсыз алтын өндіріп жатқандарды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жарма ауданында жүргізілген рейд барысында тиісті рұқсатсыз алтын және басқа да пайдалы қазбаларды іздеумен айналысқан бес тұлғаны анықтады.

Құқықбұзушылардан заңсыз қызметте пайдаланылған металл іздегіштер тәркіленді.

«Сот аталған тұлғаларды ӘҚБтК-нің 463-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі дептанып, 41 286 теңге мөлшерінде айыппұл салу және жабдықтарды мемлекет кірісіне тәркілеу түріндегі жаза тағайындады.

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары