$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2020, 05:43
Жаңалықтар

Қарағандыда Солтүстік-Шығыс айналма жолы ашылды

Жол қала арқылы өтетін көлік трафигін азайтады

Қарағандыда Солтүстік-Шығыс айналма жолы ашылды
Фото: ашық дереккөзден

Транзиттік көліктер енді Қарағандыдағы орталық көшенің жолдарын тоздырмайды. Облыс орталығында Солтүстік-Шығыс айналма жолы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа жол Қарағандыны айналып өтіп, қаланы транзиттік автомобильдер мен үлкен жүк көліктерден босатуға мүмкіндік береді. Орталық арқылы күніне 22 мыңға жуық көлік өтеді.

«Астана күні біз Солтүстік-Шығыс айналма жолын ашамыз. 2017 жылы Елбасының бастамасымен оны салу тапсырылды. Жол халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және Екатеринбург-Алматы дәлізіне кіреді. Мұнда жеті көлік айырығы бар. Бұл - бірінші санаттағы жол», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.

Қала арқылы көлік трафигін азайту экологияға да оң әсер етеді. Болжамды ағын - тәулігіне 20-22 мың көлік жүреді. Жол төрт жолақты, асфальтбетонды жабыны бар. Жол жабынын бірінші жөндеуге дейінгі қызмет мерзімі - 15 жыл.

Серіктес жаңалықтары