$ 510.43  594.86  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші ауызша ескертумен құтылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Қарсы бағытқа шыққан жүргізушінің ісі сотта қаралды

Көкшетауда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші ауызша ескертумен құтылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: ЖИ арқылы жасалды/Freepik.com

Көкшетауда қарсы жолаққа шығып, жол ережесін өрескел бұзған жүк көлігінің жүргізушісі соттан ауызша ескертумен ғана құтылып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушіге қатысты іс қаралды (ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі).

Сотта анықталғандай, қала орталығында ағаштарды бұтақтау және қоқыс шығару барысында, жүк көлігінің жүргізушісі екіжақты қозғалысы бар көшеде қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

«Сот отырысында жүргізуші мен оның қорғаушысы құқық бұзушылықтың жұмыс нысанына басқа жолмен жету мүмкін болмағандықтан жасалғанын түсіндірді. Жүргізушінің әрекеттерінен ешқандай залал келтірілмеген.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, төрт немесе одан да көп жолағы бар екіжақты қозғалыстағы жолдарда қарсы қозғалыс жолағына шығуға тыйым салынған. Мұндай жолдарда солға бұрылу немесе кері бұрылу тек қиылыстарда және рұқсат етілген жерлерде жүзеге асырылады.

Аталған құқық бұзушылық көлік құралдарын басқару құқығынан 6 айға айыруды көздейді.

Жүргізушінің кінәсі бейнебақылау камераларынан алынған бейнежазбамен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді», – делінген Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының хабарламасында.

Жаза тағайындауда сот мына мән-жайларды ескерді:

  • Жүргізушінің кінәсін мойындап, өкінгенін;
  • материалдық жағдайын;
  • Ол – отбасының жалғыз асыраушысы, асырауында үш кәмелетке толмаған бала бар, олардың біреуі – мүгедек;
  • жүргізуші куәлігі оның отбасы үшін табыс көзі болып саналады;
  • жасалған құқық бұзушылықтан елеулі зиянның болмағаны.

ӘҚБтК-нің 64-1-бабына сәйкес, жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде судья ауызша ескертумен шектеле отырып, құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптан босатуы мүмкін.

Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылықтың маңыздылығы аз болуына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Аталған іс бойынша сот ауызша ескерту жасаумен шектелді.

Серіктес жаңалықтары