$ 509.75  594.67  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана маңындағы аудандарға қатынайтын 11 автобус жаппай тоқтатылды

Қозғалыстың қашан қайта жанданатыны әзірге белгісіз

Астана маңындағы аудандарға қатынайтын 11 автобус жаппай тоқтатылды
Фото: pixabay.com

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше қала маңы бағытындағы автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

ТОО City Transportation Systems таратқан ақпаратқа сәйкес, қауіпсіздік мақсатында 11 маршруттың қозғалысы шектелген. Атап айтқанда, №305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328 және 329 бағыттарында автобустар қатынасы тоқтаған.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған маршруттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды», – делінген компания хабарламасында.

Тасымалдаушы ұйымның мәліметінше, өзге қала маңы бағыттары әзірге қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Алайда синоптиктер болжамына сәйкес, ауа райының күрт өзгеруі қоғамдық көлік қозғалысына әлі де әсер етуі мүмкін.

Қазір қозғалыстың нақты қашан қалпына келетіні белгісіз. Қалалық көлік қызметі жағдайды жіті бақылап отыр. Қауіп сейілген соң ғана автобустар қайта желіге шығарылады.

Мамандар тұрғындарды алыс сапарды кейінге қалдыруға, жолға шығар алдында ресми ақпарат көздерін қадағалап отыруға шақырды.

Серіктес жаңалықтары