$ 509.84  595.75  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Демалыс драмаға айналды: Тайландта қазақстандық туристер мінген катер апатқа ұшырады

Пхукетте жағалауында екі кеме соқтығысып, 8 отандасымыз зардап шекті

Демалыс драмаға айналды: Тайландта қазақстандық туристер мінген катер апатқа ұшырады
Фото: istockphoto.com

Тайландтың Пхукет аралы маңында туристік катер мен балық аулау кемесі соқтығысып, салдарынан катер суға батқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оқиға кезінде катер бортында 55 адам болған. Олардың ішінде Қазақстанның 8 азаматы бар. Апат салдарынан бірнеше турист түрлі деңгейдегі жарақат алған.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен отандастарымыздың барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілген.

«Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 3 азаматы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау көрсетіп жатыр», – деп хабарлады СІМ.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тайланд билігі мен құтқару қызметтері апаттың мән-жайын тексеруді жалғастырмақ. 

Қазақстандық дипломаттар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Зардап шеккен азаматтарға қажетті құқықтық және медициналық қолдау көрсетілуде. 

Серіктес жаңалықтары