$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда көпқабатты үйде болған өрттен 25 адам құтқарылды

Құтқарушылар соның ішінде бес баланы ажалдан арашалап қалды

Қарағандыда көпқабатты үйде болған өрттен 25 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Қарағанды қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, құтқарушылар тұрғындарды жаппай эвакуациялады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары дер кезінде жетіп, 25 адамды, соның ішінде бес баланы ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Лобода көшесіндегі төтенше жағдай

Оқиға Қарағандының Қазыбек би ауданында орналасқан Лобода көшесіндегі көппәтерлі үйлердің бірінде болған. Өрт бес қабатты үйдің жертөлесінен басталған.

Жертөледе жиналған қоқыс пен ескі заттар жанған. Түтін басқан үйден адамдарды шығару үшін ТЖМ қызметкерлері арнайы құтқару қалпақтарын қолданды.

Осы құрылғының көмегімен 10 адам (оның ішінде 2 бала) қауіпсіз жерге шығарылса, тағы 15 тұрғын (оның ішінде 3 бала) баспалдақ арқылы эвакуацияланды.

Зардап шеккендер мен өрттің салдары

Өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толықтай сөндірілді.

«Құтқарушылар келген бойда тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстарын бастады. Ең бастысы — зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін нақтылап жатыр», — деп хабарлады ТЖМ өкілдері.

 

Мамандар көпқабатты үй тұрғындарына жертөлелер мен баспалдақ алаңдарында қоқыс пен тез тұтанатын заттарды сақтамау керектігін тағы да ескертеді.

Серіктес жаңалықтары