ТЖМ дауылды ескертулерде елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады
Республикалық маңызы бар автожолда қозғалыстың шектелуіне байланысты Ақмола облысының Есіл ауданында блок-бекетте 46 жолаушысы бар автобус қалып қойды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ құтқарушылары полициямен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жақын маңдағы жылыту пункттерінде 46 адамды орналастырды, оның ішінде біреуі бала. Эвакуацияланғандардың барлығы Ресей Федерациясының азаматтары болды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.