Астанада Alphard жүргізушісі аялдаманы тас-талқан етті

Автор: Алмас Ерсін

Мүлікке келтірілген залал заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріледі

Фото: Видео скриншоты

Оқиға Орталық саябаққа жақын жерде болған.Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі артқа шегінген уақытта педальдарды шатастырып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Соққы салдарынан шыны аялдама толықтай қирады. Мүлікке келтірілген залал заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріледі.

Оқиға кезінде аялдамада адамдар болмаған, зардап шеккендер тіркелмеді. Полиция оқиға фактісі бойынша әкімшілік хаттама рәсімдеп, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті жүргізушілерге көлік құралын басқару кезінде, әсіресе демалыс аймақтарында және адамдар көп жиналатын орындарда, барынша мұқият болу қажеттігін ескертеді.