$ 511.26  597.61  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бибісара Асаубаева жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Бибісара желтоқсан айының соңында үшінші рет блиц бойынша әлем чемпионы атанды

Бибісара Асаубаева жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Фото: instagram.com/bibisarachess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram желісінде оқырманның сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқырманның бірі бойжеткеннен сүйіктісі туралы сұраған. 

Жауап ретінде «махаббат» деген жазуы бар алтын сақинаның суретін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының соңында Бибісара Ассаубаева үшінші рет блиц бойынша әлем чемпионы атанды. Финалда қазақстандық спортшы украиналық шахматшы Анна Музычукты жеңген.

Әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін Бибісара Асаубаева 40 мың еуро (шамамен 23,8 миллион теңге) табыс тапты.

Қаңтар айындағы FIDE рейтингінде Бибісара 2497 ұпаймен 11-орында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Асаубаева халықаралық турнирлердегі ерекше жетістіктері мен шахматтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 2-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары