Бұл қалаларда атмосферада зиянды заттар жиналады
4 қаңтар, жексенбі күні Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлайды. «Қазгидромет» синоптиктері атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .
Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, смог пен ауаның ластануы келесі қалаларда тіркелуі мүмкін:
Бұл өңірлерде ауа құрамындағы зиянды қоспалардың мөлшері уақытша артуы ықтимал.
Синоптиктердің түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар штиль, әлсіз жел және температуралық инверсиямен байланысты. Мұндай кезде ластаушы заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып, таралмай қалады. Соның салдарынан қала үстін смог басуы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар адамдарға, жүрек-қан тамырлары ауруымен есепте тұрған азаматтарға ашық ауада ұзақ болмауға, мүмкіндігінше серуенді қысқартуға кеңес береді. Қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекті өзімен бірге алып жүру ұсынылады.