Бұл қалаларда ауадағы зиянды заттар көбейеді
Синоптиктер 2 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасының төмендеуін болжады. «Қазгидромет» мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар бес қалада тіркелуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Метеорологтардың болжамына сәйкес, қолайсыз метеожағдайлар келесі қалаларда күтіледі: Астана, Алматы, Өскемен, Семей және Риддер.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда ауадағы зиянды заттардың концентрациясы артып, тыныс алуға қолайсыз орта қалыптасуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімге тән атмосфералық құбылыстардың жиынтығы. Оған желсіздік немесе әлсіз жел, тұман, ауа инверсиясы жатады.
Осындай факторлар ластаушы заттардың атмосфераның төменгі қабатында жиналуына себеп болады.
Синоптиктер мен мамандар қала тұрғындарына бірқатар сақтық шарасын ұсынады:
Ауа сапасының нашарлауы денсаулыққа тікелей әсер етуі мүмкін, сондықтан жеке қауіпсіздікке бей-жай қарамау қажет.
Мамандар ауа райы мен экологиялық жағдайға қатысты ресми хабарламаларды қадағалап отыруға кеңес береді. Қажет болған жағдайда тұрғындар медициналық көмекке жүгінгені жөн.