$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райына байланысты Ақтөбе облысында жол жабылды

Мамандар алыс сапарды кейінге қалдыруға кеңес береді

Ауа райына байланысты Ақтөбе облысында жол жабылды
Фото: © istockphoto.com

Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектелді. Шектеу 2026 жылғы 1 қаңтарда сағат 15:30-дан бастап енгізілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖолдың» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қандай көліктерге шектеу қойылды

Жол қозғалысы жүк және қоғамдық көліктер үшін уақытша тоқтатылды. Шектеу келесі бағыттағы автожол учаскесінде енгізілді:

РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 965–1153 шақырым аралығы, яғни Қарабұтақ кентінен Ырғыз кентіне дейінгі бөлігінде.

Жол қашан ашылады

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жолды ашудың болжамды уақыты – 2026 жылғы 2 қаңтар, сағат 08:00.

Жауапты қызметтер ауа райы жағдайын бақылап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Мамандар жүргізушілерге алыс сапарды кейінге қалдырып, жолға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайын нақтылап алуға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары