Дариға Назарбаева «Қамқорлық» әлеуметтік коворкинг орталығының ашылуына қатысты

Орталықта көпбалалы аналар, аз қамтылған азаматтар оқытылады

Дариға Назарбаева «Қамқорлық» әлеуметтік коворкинг орталығының ашылуына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева «Қамқорлық» коворкинг орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Орталық қызметі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының бірлесуімен іске қосылған. Мұнда көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелейтін әйелдер, аз қамтылған азаматтар және ауыр тұрмыстық жағдайда өмір сүретін балалар, мүгедектер оқытылады. 

«Дариға Назарбаева орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, кабинеттерді қарап шықты. Орталық басшылығымен әңгімелесу барысында Дариға Назарбаева инфекциялардан қорғау, жұмыс гигиенасы және білім алушылар үшін әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету тұрғысынан жұмыс орындарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Орталық 7 бағыт бойынша тренинг өткізеді: тамақ өнеркәсібі, IT-индустрия, сұлулық индустриясы, тігін ісі, киіз басу өнері және басқа. Бұған қоса, әйелдер үшін әлеуметтік және психологиялық сауаттылықты арттыру бойынша тренингтер өткізіледі. Орталық аумағында балаларға арналған бөлме де бар», - деп жазылған

Орталықта жылына 1800 әйелді оқыту жоспарлануда. Курс мерзімі 1 айдан 3 айға дейін созылады. Курстың соңында сертификаттар беріледі. Оқу нәтижесі бойынша қатысушылар «Еңбек» бағдарламасы бойынша өз ісін ашуға және 505 мың теңге көлемінде грант алуға мүмкіндік алады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.