Атырау облысында үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам қаза болды

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 24 желтоқсан күні сағат 19:00 шамасында болды

Фото: Видеодан скрин

Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе- Атырау- Астрахань тас жолында үш бірдей көлік соқтығысып қалды.

«24 желтоқсан күні сағат 19:00 шамасында Ақтөбе- Атырау- Астрахань тас жолында 3 автокөліктің, яғни ауыр жүк көлігі, Toyota Hilux және Toyota Alphard қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.