25.12.2025, 09:52
Жаңалықтар
Жүргізушілерге ескерту жасалды: тасжолдарда қар аралас жаңбыр жауады
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның бірқатар өңірінде тасжолдарда қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 25 желтоқсан күні Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды