Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауы керек – Тоқаев
Ол шеткері аудандарға да көңіл бөлу керегін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте қала көшелерінің жағдайы мен тазалығына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шеткері аудандарға да көңіл бөлу керек. Қаланы безендіру жұмыстарына бюджеттен бөлек демеушілер қаражатын да тартуға болады. Жаңа жылда кәсіпкерлеріміздің басын қосуды жоспарлап отырмын. Оларға тағы да үндеу жасаймын. Қатаң шаралар қабылдаймын. Түптің түбінде, Отанды сүю – ортақ борыш.Сондықтан оң жағалаудағы сауда, өнеркәсіп орамдары мен тұрғын үй алаптарын жаңарту жұмыстарын жандандырған жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент атағандай, көріктендіру мәселесі азаматтарды әрдайым толғандырады.
«Бұл – түсінікті, сондықтан олардың осылай айтуға қақысы бар. Дегенмен әкімдік те елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан жоғары мәдениетті талап етуі керек», - деді ол.