Синоптиктердің мәліметі жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 22 желтоқсан күні Қазақстанның екі қаласында атмосферада ластаушы заттардың жоғары деңгейде шоғырлану күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл зиянды қоспалардың ауаның төменгі қабатында шоғырланып, таралмауына әсер ететін бірқатар ауа райы факторының үйлесуіне байланысты болып отыр.
«2025 жылғы 22 желтоқсанда Ақтөбе қаласында, ал түнгі уақытта Атырау қаласында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМУ) – бұл атмосферадағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың шоғырлануына ықпал ететін ауа райы құбылыстары. Оларға мыналар жатады:
Аталған жағдайлар ауа сапасының уақытша төмендеуіне әкеледі. Бұл әсіресе тығыз салынған тұрғын аймақтарда немесе өндірістік аймақтарда қауіпті болып саналады.