$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында малшы түнгі уақытта адасып, үйінен 30 шақырым ұзап кеткен

Ақтөбе облысында ТЖМ және жергілікті қызметтердің күштері іздестіру операциясын сәтті аяқтады

Ақтөбе облысында малшы түнгі уақытта адасып, үйінен 30 шақырым ұзап кеткен
Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбе облысының Темір ауданында 1984 жылғы малшы аязды түнде адасып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, малшыны іздестіру мақсатында іздестіру-құтқару жұмысы жүргізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам 20 желтоқсан күні түстен кейін мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Онымен байланыс болмады.

«Іздестіру жұмысына ТЖМ, ПД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты және Starlink спутниктік байланысы бар ТЖМ тобы жіберілді.

Бүгін іздестіру тобы жоғалған азаматты Шұбарқұдық кентінен 30 шақырым қашықтықта тапты», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Серіктес жаңалықтары